Әлем 28.08.2020 сағат 16:20

«Онлайн жиыннан шықтым» деп ойлаған шенеунік хатшысымен жыныстық қатынасқа түсіп, масқара болды

Daily Mail мәліметінше, Эстиль техниканы жетік меңгермеген.
«Онлайн жиыннан шықтым» деп ойлаған шенеунік хатшысымен жыныстық қатынасқа түсіп, масқара болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Филиппинде жергілікті үкімет қызметкері Zoom конференциясын шығуды ұмытып кетіп, өзінің хатшысымен төсек қатынасына түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Кавиттегі Фатима Дос ауылдық кеңесінің шенеуніктері сәрсенбі күні кезекті видеоконференциясын өткізді. Жиынға басшылары Иисус Эстильде қосылған.

Daily Mail мәліметінше, Эстиль техниканы жетік меңгермеген. Ол байланыстан шығу үшін дұрыс емес батырманы басып, камераны қосулы күйде қалдырған.

Осы сәтте басқа әріптестер диванда отырған әйелдің басшының қасына жақындағанын көрді. Осылайша, сезімге ерік берген "екі жұп" қызметкерлердің алдында төсек қатынасына түскен. Кейінірек әйелдің шенеуніктің хатшысы екендігі анықталды. Ол кеңседе сонымен қатар жергілікті биліктің бухгалтерлік есебін жүргізіп отырған.

Видео тез арада желіде тарап кетіп, ауыл тұрғындары шенеунікті осы әрекеті үшін қызметінен кетуге мәжбүр етті. Ішкі істер және жергілікті басқару департаменті (DILG) Эстильді мүмкіндігінше тезірек жұмысынан босататындығын мәлімдеді. 

"Бұл жай тәртіп бұзушылық емес, сонымен қатар ауыр тәртіп бұзушылық. Біз оны жазалау үшін бәрін жасаймыз", - деді DILG Barangay компаниясының қоңыраулар мен шағым қызметінің жетекшісі Ричард Геронимо.

Видео желіде кеңінен таралған соң Эстиль де, әйел де өз кеңселеріне келмеген. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар