$ 494.87  520.65  4.91

Жапониялық ерлі-зайыптылардың көбі неге бөлек жатуды құптайды?

126 млн халқы бар Жапонияның тұрғындары жер тапшылығына қарамастан, үйінде жеке-жеке төсек орны болғанына ерекше мән береді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жапонияда ерлі-зайыптылардың дені төсекте бірге жатқанды бұрыс санайды. Олардың мұндай тоқтамға келуіне бірнеше себеп бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

126 млн халқы бар Жапонияның тұрғындары жер тапшылығына қарамастан, үйінде жеке-жеке төсек орны болғанына ерекше мән береді. Көптеген жапондық ерлі-зайыпты үшін отбасылық өмірде төсекте бөлек жатқан қалыпты жағдай болып саналады. Оған бірнеше себеп бар: 

Біріншіден, жас жұбайлар некесі қиылғаннан кейін көп ұзамай бір-біріне серік ретінде емес, жақыны ретінде қарай бастайды екен. Махаббат ешқайда жоғалмаса да, бір-біріне және бір-бірінің жеке аймағына деген құрмет пен сыйластық алға басатын көрінеді. 

Оның үстіне еңбекқорлығымен танымал жапондық ерлі-зайыптылардың жұмыс уақыты әртүрлі болып жатуы сирек емес. Сол себепті, жұмысқа ерте тұра алуы үшін олар бір-бірлеріне қорылымен немесе өзге де ұсақ-түйек мәселелермен кедергі келтірмегенді жөн санайды. 

Екіншіден, жапониялық қыз-келіншектердің дені баласын қасына алып жатып ұйықтаған дұрыс деп біледі екен. Осы орайда отағасы олардың төсегін тарылтпай, бөлек төсекте ұйықтауды ұйғарып жатады. 

Зерттеушілер де баланы анасының түнде қойнына алып жатуының пайдасы зор екенін алға тартуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары