$ 494.87  520.65  4.91

Қытайдағы қазақ қызы ерекше шеберлігімен Гиннестің рекордтар кітабына енді

Ұзындығы – 2,15 метр, кеңдігі – 1,2 метр, биіктігі – 1,2 метр келетін, жиыны 600 мың дана, салмағы 100 келіден асатын маржаннан 2 жыл уақыт жұмсап, өзі ойына алған жұмысын сәтті аяқтаған.

Қытайдың Шиху қаласының тұрғыны Гүлзар Дәлелханқызы маржаннан тоқыған қолөнерлік бұйымы арқылы әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Қытайдың «Орталық халық радиосына» сілтеме жасап.

Зейнетке шыққан Гүлзар уақытын бос өткізбеу үшін қолөнермен айналыса бастаған. Ол 2018 жылы Қытай астанасы Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңының моделін маржаннан жасауды қолға алады. Қытайлық БАҚ-тың дерегінше, Гүлзар Дәлелханқызы 50 мың дана түсі әртүрлі маржанды сатып алады. Оның ішінен түсі, көлемі ұқсамайтын 10 мың маржан таңдап алып, тоқуға кіріседі.

Ұзындығы – 2,15 метр, кеңдігі – 1,2 метр, биіктігі – 1,2 метр келетін, жиыны 600 мың дана, салмағы 100 келіден асатын маржаннан 2 жыл уақыт жұмсап, өзі ойына алған жұмысын сәтті аяқтаған.

«Шиху қаласының тұрғыны Гүлзар Дәлелханқызының меруерттей жалтылдаған маржаннан тоқыған «Тяньаньмэнь моделі» деп аталған қолөнерлік жұмысы дүниежүзілік рекордын куәләндіру мекемесі (WRCA) жағынан тексеруден өтіп, «Дүние жүзіндегі ең үлкен меруерт моделі» ретінде бекітілген» деп жазады kazakcnr.com.

Сөйтіп, Гиннестің рекордтар кітабына енуді жоспарлаған қандасымыз арманына жетеді. Гиннестің рекордын жаңартқаны туралы ақпарат ресми расталып, сертификат Гүлзар Дәлелханқызының қолына табысталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары