30.08.2020, 03:00

Швецияда Құран өртеудің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

фото: anna-news.info
Наразылыққа шыққандар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, көліктеріне зақым келтірген.

Швецияның Мальме қаласында антиислам белсенділері Құранды өртеп жібергеннен кейін жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, STV телеарнасына сілтеме жасап.

«Белсенділер Құран кітапты өртеп жібергеннен кейін, видеоны әлеуметтік желіге жариялаған. Содан жүздеген адам көшеге шығып, жол қозғалысын бөгеді. Жаппай тәртіпсіздік 28 тамыз күні басталды. Наразылыққа шыққандар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, көліктеріне зақым келтірген» деп жазылған телеарна сайтында.

Телеарнаның хабарлауынша, әзірге жиырмаға жуық адамның қамауға алынғаны белгілі.