$ 494.87  520.65  4.91

Лукашенко қолына қару ұстауды жиілетіп кетті

Қазіргі уақытта Палатаның заңнамалық қоржынында 75 заң жобасы бар, оның 22-не депутаттар бастамашы болған.

Беларусь басшысы Александр Лукашенконың баспасөз хатшысы РИА Новостидің президент қазір қайда деген сұрағына жауап ретінде оның суретін көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Агенттік жариялаған суретте Лукашенко тағы да Тәуелсіздік сарайының алдында үстіне оқ өтпейтін кеудеше киіп, қолына автомат ұстап тұр. Беларусь президентінің қолында АКС-74У қысқа автоматы сыңайлы. Қару моделі қандай екенін атыс қаруы саласындағы ресейлік сарапшы Максим Попенкер болжады.

Попенкердің айтуынша, автоматтың бұл түрі посткеңестік кеңістікте өте кең таралған. Онымен өзін-өзі қорғау үшін әскери машиналар мен тікұшақтардың экипаждары қаруланған. Сонымен қатар, автомат арнайы күштерде жақын ұрыс қаруы ретінде қолданылады. Сарапшы КСРО ыдырағаннан кейін бұл қарумен милиция қамтамасыз етілгенін айтты, өйткені ол толық өлшемді автоматтарға қарағанда ықшам.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары