$ 494.87  520.65  4.91

«Міндетті вакциналарға жол жоқ!»: коронавирусқа сенбейтін еуропалықтар жаппай шеруге шыға бастады

Берлин көшелерін жауып тастаған 40 мыңға жуық наразылық білдірушілер полиция баррикадаларын басып қалыпты.
фото: gettyimages.com
фото: gettyimages.com

Лондонда коронавирусқа сенбейтін мыңдаған адам шеруге шықты. Пандемияны жоққа шығарушылар бетпердеден, әлеуметтік арақашықтықты сақтаудан бас тартуды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Qamshy.kz ақпараттарына сілтеме жасап.

«Бостандық үшін бірігу» деп аталатын митинг кеше түстен кейін басталды. Наразылық білдірушілер пандемияға байланысты «үкіметтің өтірігін» тоқтатуға шақырды.

Трафальгар алаңына жиналған көп адам вирусты «алдау» және «алаяқтық» деген белгілерді көтерген. Кейбір плакаттарға «Міндетті вакциналарға жол жоқ!» деген жазулар жазылған. Шерушілердің көпшілігі наразылық кезінде маска киюден бас тартты.

Сондай-ақ, Батыс Еуропада да дәл сондай шеру өтті. Германияда мыңдаған адам Рейхстаг ғимаратында «коронавирусқа қарсы күресті». Тіпті, наразылық танытқандар Рейхстагқа, Германия парламентінің ғимаратына шабуыл жасамақ та болған. Осылайша, Берлин көшелерін жауып тастаған 40 мыңға жуық наразылық білдірушілер полиция баррикадаларын басып қалыпты.

Осындай наразылықтар Париж және Цюрихте де болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары