$ 494.87  520.65  4.91

Үндістандағы су тасқыны салдарынан 1,4 млн-нан астам адам зардап шекті

10 мыңнан астам үй бүлінген.

Үндістандағы Одиша штатында су тасқыны салдарынан 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Үкіметтің деректеріне қарағанда, су тасқынынан ауылдық жерлерде тұратын 1,4 миллионнан астам адам зардап шеккен.

10 мыңнан астам үй бүлінген. Сондай-ақ нөсер жаңбыр салдарынан жергілікті су қоймалары лық толған. Хиракуд су қоймасының шлюзін ашып, суды босатуға тура келді. Бұл тағы бірнеше елді мекеннің су астына қалуына соқтырды.

500-ден астам адам эвакуацияланып, арнайы ұйымдастырылған уақытша орналасу лагеріне жеткізілді.

Зардап шеккендер тамақпен және бірінші кезектегі заттармен қамтамасыз етілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#су тасқыны