Дағыстанның Леваши ауылында үлкен жылан ұйықтап жатқан ресейлік әйелдің аузына кіріп кетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
Әйел үйдің ауласындағы ағаштың түбінде отырып ұйықтайды. Осы кезде үлкен жылан оның ашық аузына кіріп кетті. Дәрігерлер бауырымен жорғалаушыны алуға мәжбүр болған. Олар наркозбен операция жасап, ұзындығы бір метрден асатын жыланды суырып алды. Медбике жыланды арнайы түтікшемен алып шықты, содан кейін оны лақтырып тастады.
Тамыздың басында дәрігерлер 23 жастағы қытайлықтың миынан ұзындығы 13 сантиметрге жуық тірі құртты алып тастады. Паразит 17 жастағы жігіттің басында өмір сүрген, соның салдарынан ол аяқ-қолдарының ұйып қалуынан зардап шекті.