$ 448.15  483.46  4.86

Ресей халқы азайып барады

Қаңтар мен маусым аралығында індет өршіп тұрған шақта адам өлімі 3,1 пайызға артқан, бала туу көрсеткіші 5,4 пайызға төмендеген.
фото: eadaily.com
фото: eadaily.com

Биыл Ресейде халық саны 158 мыңға азаяды. Бұл соңғы 14 жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Үкіметтің ұлттық мақсатқа жету жобасына сілтеме жасаған РБК сайты осындай болжам туралы жазды. Соңғы рет 2006 жылы халық саны бір жылда 374 мыңға кеміп, рекордтық көрсеткішке жеткен еді, деп хабарлайды Азаттық сайты

РБК-ның екі дереккөзі растаған ресми құжаттағы мәліметке сәйкес, 2020 жылы Ресейде халық саны былтырғы жылмен салыстырғанда бес есеге азаймақ. Қаңтар мен маусым аралығында індет өршіп тұрған шақта адам өлімі 3,1 пайызға артқан, бала туу көрсеткіші 5,4 пайызға төмендеген. Болжамға сәйкес, эпидемиядан кейін Ресейде 2022 жылдан бастап қана халық өсімі байқалуы мүмкін.

2016 жылдан бері Ресейде халық саны жылдам азайып келеді, оның басты себебі бала туу көрсеткішінің азаюы деп айтылады. Мигранттардың келуі де табиғи кему көрсеткішінің орнын толтыра алмаған. Елде бала тууға қабілетті әйелдер саны азайғандықтан мамандар туу көрсеткішін арттыруды көздейтін шаралардың да мүмкіндігі шектеулі деп санайды.

Бұған қоса, үкімет елде кедейлік көрсеткіші де ұлғаяды деп болжап отыр. 2020 жылы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдар саны 13,3 пайызға жетпек. Үкімет 2030 жылға дейін кедейлікті 6,5 пайызға дейін азайтуды көздеп отыр.

Росстат мәліметінше, 2014-2017 жылдары халықтың шынайы табысы төмендеген, 2018 жылы 0,1 пайызға ғана көбейген. ​

Сбербанк мәліметінше, 2020 жылы ресейлікердің 2,5 пайызы табысынан толық айырылған, жұмыс істейтін әрбір екінші адамның жалақысы азайған. НАФИ аналитикалық орталығының дерегінше, пандемияға дейін ресейліктердің 45 пайызында қаржы қоры қалмаған. Сауалнамаға қатысқандардың 46 пайызы қаржылай қиындыққа ұшырағанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары