$ 494.87  520.65  4.91

Экс-президент қой бағып жүр

Басшы қызметке кіріскен алғашқы күннен бастап ел тұрғындарын таңғалдырумен болды.

Иранның экс-президенті Махмуд Ахмадинежад халықтың есінде ерекше көшбасшы ретінде қалды. Саясаткер 2005-2013 жылдар аралығында ел биледі. Ол халыққа жақын болуға, тұрғындардың қажеттіліктері мен талаптарын түсінуге тырысты.

Жұмысқа автобуспен баратын президент

Махмуд Ахмадинежад - өте қарапайым адам. Басшы жұмысқа автобуспен барып, кез келген адам сияқты жол ақысын төлейтін еді. Ол ел басқарған шақта жұбайы көптеген қарапайым әйелдер секілді білім беру мекемелерінің бірінде еден жуушы болып жұмыс істеген.

«Халықтың құлымын»

Бірде американдық журналист президенттен «Айнадағы бейнеңізден кімді көресіз?» - деп сұраған. Сонда Махмуд «Айнадағы бейнеме үнемі «Халықтың құлы екеніңізді ұмытпаңыз» деп айтамын»,- деп жауап беріпті.

Расымен де, Ахмадинежад бұл ұстанымды берік ұстанды. Басшы қызметке кіріскен алғашқы күннен бастап ел тұрғындарын таңғалдырумен болды. Ол ең алдымен жұмыс бөлмесіндегі барлық қымбат парсы кілемдерін мешітке беруді бұйырып, өзі кәдімгі арзан төсеніштерді төсеуге шешім қабылдады.

«Жастарға жол беру керек»

М.Ахмадинежад ел билеген шақта профессорларды ерте зейнетке шығарды. Биліктің түсіндірмесі бойынша, бұл жастарға жол беру үшін жасалған.

Қой бағып жүрген экс-президент

Махмуд Ахмадинежадтың 1977 жылғы ескі Peugeot көлігі мен әкесінен қалған шағын үйі ғана бар. Басшы басқа шенеуніктерді де бақылауда ұстауды жөн көрді. Экс-президенттің басшылығымен министр қызметіне кіріскендердің барлығы «байымаймын» деген қағазға қол қойды. Сондай-ақ, олардың туыстарының есепшоттары да мұқият тексеріліп отырды. 2013 жылы отставкаға кеткеннен кейін, Махмуд ақша үшін емес, халықтың игілігі үшін жұмыс істедім деп президенттің арнайы зейнетақысынан бас тартты. Қазіргі таңда ол университетте дәріс оқып, жалақысына өмір сүруде. Бос уақытында қой бағады.

Дереккөз: Adyrna.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары