Әлем 03.09.2020 сағат 17:20

«Барселона» ФК Мессиді сатпақ

Шетелдік БАҚ "қалалықтардың" Мессиге жалпы алғанда 700 миллион еуроға беруге дайын екенін хабарлаған.
«Барселона» ФК Мессиді сатпақ
Фото: reuters
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Барселона" басшылығы шабуылшы Лионель Мессиді 100 миллион еуроға сатуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басында каталониялық клубтың басшылары команда капитанын кем дегенде 700 миллион еуроға сататынын айтқан болатын.

The Telegraph мәліметінше, "Барселона" Мессиді 100 миллион еуроға сатуға келісімін берген. 

2 қыркүйекте "Барселона" президенті Хосеп Бартомеу мен футболшының әкесі әрі агенті Хорхе Месси кездескен болатын. Сол кезде екі тарап келісімге келе алмағаны хабарланған. 

Месси "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін. Шетелдік БАҚ "қалалықтардың" Мессиге жалпы алғанда 700 миллион еуроға беруге дайын екенін хабарлаған. 

Еске салайық, "Барселона" Чемпиондар лигасының ширек финалында "Бавариядан" 2:8 есебімен жеңілген соң Лионель Месси командадан кеткісі келетінін айтқан. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар