$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ келесі жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады

Дональд Трамп ДДСҰ ұйымын COVID-19 пандемиясы кезінде «қытайлық қуыршақ болды», «қажетті реформаларды жүргізуден бас тартты» деп айыптаған.
фото: REUTERS/Tasos Katopodis
фото: REUTERS/Tasos Katopodis

АҚШ 2021 жылдың шілдесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады. Бұл туралы елдің Мемлекеттік департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, abai.kz-ке сілтеме жасап.

«Президент Трамп АҚШ-тың осы ұйымнан шығатынын жариялаған кезде, біздің одан да айқын әрі сенімді серіктестер іздейтінімізді анық айтты. Шығу 2021 жылдың 6 шілдесінде күшіне енеді. АҚШ үкіметі президенттің мәлімдемесі жарияланғаннан бастап бұрын ДДСҰ жүргізген іс-шараларды қабылдайтын жаңа серіктестер іздеуде», - делінген Мемлекеттік департаменттің өкілі Морган Ортагустың хабарламасында.

Бұған дейін Дональд Трамп ДДСҰ ұйымын COVID-19 пандемиясы кезінде «қытайлық қуыршақ болды», «қажетті реформаларды жүргізуден бас тартты» деп айыптаған.

Сондай-ақ, АҚШ ДДСҰ алдындағы қарыздың қалдығын төлемейтіндіктерін мәлімдеген.

Айта кетейік, АҚШ өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына шамамен 18 миллион доллар қарыз болған. Биыл бұл қарыз 62 миллион долларға жетіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Трамп #АҚШ #ДДСҰ