Қытай билігі ғарышқа эксперимент түрінде аппарат ұшырғанын жария етті. Ұшыру құпия жағдайда өткен, деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.
Аппаратты Long March-2F зымыраны Цзюцюа́нь айлағынан алып ұшқан. Ол туралы белгілі жалғыз нәрсе – бұл оны көп рет пайдалануға болатыны.
Орбитада белгілі бір уақыт өткізген соң аппарат Қытайға ұшып келеді. Ал сарапшылардың болжауынша, бұл осыған дейін Қытай ұшыруға уәде еткен космоплан болуы мүмкін.