$ 448.15  483.46  4.86

Түркия 40-қа жуық танкті Грекияның шекарасына қарай бағыттады

Осыған байланысты грек қарулы күштері жоғары дайындық режиміне көшірілді.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Жерорта теңізінің шығысындағы дағдарыс жағдайында Түркия Грекиямен шектесетін Эдирне провинциясына өз танктерін жібереді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.

40-қа жуық танкі бар екі колонна Сириямен шекаралас Хатай провинциясының Рейханлы аймағынан кетті. Танктер Грекиямен шекаралас Эдирне провинциясына теміржол арқылы жіберіледі деп болжануда.

Түркия мен Грекия арасындағы қарым-қатынас соңғы апталарда ушығып кетті. Бұл Oruç Reis атты түрік кемесінің Грекия өзінің эксклюзивті экономикалық аймағы деп санайтын Шығыс Жерорта теңізі аймағында сейсмикалық зерттеулерді бастауымен тығыз байланысты.

Осыған байланысты грек қарулы күштері жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары