Непалда толасыз жауған нөсер жауын салдарынан лай көшкіні жүріп, үш елді мекенді басып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттан 12 адам қаза тапты. Алайда құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін, өйткені 20-дан аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апат ел астанасы Катманду қаласынан 120 шақырым қашықтықта болған.
Таулы аймақта орналасақан Непал елінде лай көшкіні жиі болып тұратын табиғи құбылыс.