$ 494.87  520.65  4.91

Ливан астанасында тағы төтенше жағдай болды (ВИДЕО)

Бірнеше жылдан бері салынып жатқан ғимарат аяқталуға да жақын қалған еді.

Ливан астанасында тағы бір төтенше жағдай болды. Бейруттың орталық коммерциялық аймағында орналасқан британ-ирак сәулетшісі Заха Хадид жобалаған тарихи ғимаратта өрт шықты деп хабарлады "Аль-Арабия" телеарнасы.

Ливанның азаматтық қорғаныс қызметінің ақпаратына сәйкес, тілсіз жау жылдам ауыздықталып, сөндірілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бірнеше жылдан бері салынып жатқан ғимарат аяқталуға да жақын қалған еді. Бұл төтенше жағдай Бейрут портында тамыздың басында болған өрттен бірнеше күн өткеннен кейін болып отыр.

Дереккөз: Baq.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары