$ 494.87  520.65  4.91

Перуде дәрігерлер шеруге шығып, соңы қақтығысқа ұласты

Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

 Перу астанасында денсаулық сақтау саласының өкілдері наразылық шеруге шығып, конституциялық соттың алдына жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер үкіметтен еңбек жағдайын жақсартуды талап етуде. Бейбіт басталған шеру соңы қақтығысқа ұласты. Полиция ғимарат алдына жиналған халықты таратпақ болып, су шашып, күш қолданды.

 Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Перуде індет таралғалы денсаулық саласы өкілдерінің наразылық акциялары жиіледі. Дәрігерлер биліктің медициналық қорғаныш заттарымен жеткілікті қамтамасыз етпей отырғанына наразы. 

Ескерте кетейік, Перу әлемде вирусты жұқтырғандар бойынша 5-орында. Бұл елде науқастардың саны 740 мыңнан асқан. Дерттен 31 мыңдай адам қайтыс болды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары