Америкалық құқық қорғау органдары АҚШ президенті Дональд Трамптың атына жолданған улы сәлемдемені ұстап алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы CNN ақпараттық орталығы екі дереккөзге сүйене отырып хабарлаған. Атап айтқанда, Ақ үйден тыс хат-хабарларды зерттеу кезінде сәлемдемелердің бірінен рицин уы табылған. Бұл күшті зат кастор бұршақтарынан алынады.
Қазір АҚШ мемлекет басшысын күзететін құпия қызмет тергеуді бастап кетті. Сондай-ақ, тергеу іс-шараларын ФТБ (FBI) жүргізеді. Ақ үй бұл жағдайға әлі түсінік бермеген.
Еске сала кетсек, 2018 жылдың қазан айында америкалық барлау органдары Трампты және Пентагонның жоғары лауазымды қызметкерлерін улауға тырысқан күдіктіні қамауға алған болатын. 39 жастағы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы қызметкері Уильям Клайд Аллен Ақ үйге, сондай-ақ, Пентагонның басшысы Джеймс Мэттиске және АҚШ Әскери-теңіз операцияларының жетекшісі адмирал Джон Ричардсонға рицин салынған бірнеше конверт жіберген еді.