Біріккен ұлттар ұйымы одан әрі дамуы үшін реформаларды қажет етеді және бұл мәселеде Германия көмектесуге дайын. Qazaqtimes сайтының жазуынша, ұйымның 75 жылдығына орай БҰҰ Бас ассамблеясының (GA) салтанатты жиналысында канцлер Ангела Меркель осындай мәлімдеме жасаған.
Сонымен қатар Германия ұйымдағы жауапкершілікті мойнына алып, ауқымды мәселелерді реттеу үші БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кеңейтілген құрамдас бөлігі ретінде қатысуға дайын. Меркель сөзінде: «Жаһандық сын-қатерлер келісім мен ынтымақтастықты қажет етеді. Өкініштісі, маңызды шешімдер қабылдау қажет болған кезде Қауіпсіздік Кеңесі жұмыс істемейді. Ұйымға және бізге реформалар қажет. БҰҰ ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерлеріне жауап беру үшін одан әрі дамуы керек. Германия бұрынғыдай кеңейтілген қауіпсіздік кеңесіне қатысуға дайын», – деді.
БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті жиыны онлайн форматта өткізіліп жатыр. Халықаралық жиында Үндістан премьер-министрі БҰҰ-ны реформалау туралы ұсыныс білдірсе, Ресей СІМ Сергей Лавров қаруды бақылау жүйесін ннығайтуды ұсынды. Ал Канада премьер-министрі Джастин Трюдо БҰҰ-ны әлемді ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан күрделі дағдарыстан алып шығу керек деген ұсыныс айтты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының Ұйымының 75 жылдығына арналған іс-шарада бейне үндеу жолдады