$ 494.87  520.65  4.91

Ұлыбританияда 6 айға созылуы мүмкін карантиндік шектеулер енгізіледі

Жаңа ереже бойынша дүкен қызметкері бетке арналған маска тағуға міндетті, ал тойға 15 адамнан артық қатысуға болмайды.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа байланысты жаңа шектеу шараларын жариялай отырып, Ұлыбританияның «жаңа қауіпті кезеңге» жеткенін айтты. Ол алты айға созылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Жаңа ереже бойынша дүкен қызметкері бетке арналған маска тағуға міндетті, ал тойға 15 адамнан артық қатысуға болмайды. Жиын мен маска тағуға қатысты ережені бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемі бірінші ретке 200 фунт стерлингке дейін көбейеді. Сонымен қатар ол қажет болған жағдайда бұдан да қатаң шектеу енгізілуі мүмкін екенін ескертті. Борис Джонсонның айтуынша, сейсенбі күні Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия көшбасшыларымен кездескеннен кейін осыған ұқсас шаралар Ұлыбританияның барлық аймағында қабылданады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары