24.09.2020, 15:00

Қытай шетелдіктердің келуіне рұқсат берді

Фото: bbc.com/russian
Порталдың хабарлауынша, бұл үшін жаңа виза рәсімдеудің қажеті жоқ.

Жұмыс бабымен, жеке істерімен және отбасыларымен қосылу мақсатында Қытайды уақытша тұруға құжаты бар адамдар кіре алады. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, бұл үшін жаңа виза рәсімдеудің қажеті жоқ. Ал егер мерзімі өтсе, Қытайдың шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне барып, жаңа құжат алуына болады. Үкіметтің бұл үкімі 28 қыркүйекте күшіне енеді.

Еске сала кетейік, наурыз айының соңында елде індеттің өршуіне байланысты визалары бар шетел азаматтарына да келуге тыйым салынған болатын. Соңғы айлары Қытай эпидемиологиялық ахуалы жақсарған елдердің азаматтарына біртіндеп шекарасын аша бастады.

Тегтер: шекара Қытай