$ 446.49  475.38  4.79

Бішкекте төтенше жағдай жарияланды

Жеке азаматтарға белгіленген мерзімде өз үйінен (пәтерінен) немесе уақытша тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қырғыз Республикасы Бішкек қаласының аумағында 2020 жылғы 9 қазанда сағат 20.00-ден бастап 21 қазанда сағат 08.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай режимі енгізілсін. Қырғыз Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Орозалиев Алмазбек Кыдырмайұлын Қырғыз Республикасы Бішкек қаласында төтенше жағдай режимі кезеңінде комендант (бұдан әрі - Комендант) болып тағайындалсын. Төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында комендатура құрылсын", - делінген жарлықта.

Тағы оқи отырыңыз: Орталық Азия елдерінің басшылары Қырғызстандағы жағдайға қатысты бірлескен мәлімдеме жасады

Жарлыққа сәйкес, қалада коменданттық сағат, азаматтардың кіруі мен шығуының ерекше режимі енгізіледі.

Жеке азаматтарға белгіленген мерзімде өз үйінен (пәтерінен) немесе уақытша тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары