$ 494.87  520.65  4.91

Әзірбайжан армяндардың тағы бір зымыран кешенін жойып жіберді

Кикілжіңге Түркияның араласуы жағдайды ушықтырып жіберді. Түркия әскерилерінің бір бөлігі Әзірбайжаннан әлі шығарылған жоқ. Енді Армения премьер-министрі түріктерді соғысқа түрткі болды деп айыптап отыр.
фото: newsroom.kz
фото: newsroom.kz

Әзірбайжан Арменияның баллистикалық зымырандары бар тағы бір жедел-тактикалық зымыран жүйесін жойып жіберді. Бұл туралы Астана арнасы, Әзірбайжан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

 Ал Ереван өкілдері қарулы күштердің бұдан былай Әзірбайжандағы кез-келген әскери нысанға шабуыл жасайтынын мәлімдеді. Осылайша, атысты тоқтату туралы уағдаластық қағаз жүзінде ғана қалған сияқты. Бұл аздай Таулы Қарабақта гуманитарлық дағдарыс күшейді.

 Әскери қақтығыс басталғанына екі аптаға жуық уақыт өткен соң, Әзірбайжан мен Армения өзара бітімге келгендей болды. Осылайша 10 қазанда 10 сағатқа созылған келіссөзден кейін ресми түрде қол қойылды. Ресей, Франция және АҚШ-тың араағайындығымен жүргізілген мәміледен кейін тараптар тұтқындар мен қаза тапқандардың сүйегін айырбастауға келісті. Осылайша ЕҚЫҰ Минск тобы форматындағы келіссөздерге оралуы керек еді. Алайда бұл келісімдер сөз жүзінде қалды. Арада бір сағат өтпей жатып, Ереван мен Баку бір-бірін келісімді бұзды деп айыптауға кірісті. Ал бүгін Әзірбайжан күштері қарсыласының зымыран кешеніне оқ жаудырды. 

Кикілжіңге Түркияның араласуы жағдайды ушықтырып жіберді. Түркия әскерилерінің бір бөлігі Әзірбайжаннан әлі шығарылған жоқ. Енді Армения премьер-министрі түріктерді соғысқа түрткі болды деп айыптап отыр.

"Егер Түркия соғысқа қатысуға толық дайын екендігін көрсетпесе әрі араласпаса, бұл қақтығыстың болмайтыны анық еді. Сондықтан түрік-әзірбайжан бірлескен әскери жаттығулары ұрыс қимылдарына ұласқанына баршаның назарын аударғым келеді. Түрік жағы келіссөз жасап, бітімге келгенді қалайды. Осы елдің Сыртқы істер министрі  мәлімдегендей, Минск тобы жақын уақытта кең форматта кездесу өткізіп, не істеу керектігін шешуі керек", - деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары