$ 494.87  520.65  4.91

Жоғарғы сот Садыр Жапаровты ақтап шықты

Онымен бірге депутат Талант Мамытов және Мемлекеттік ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев ақталды.
Фото: REUTERS
Фото: REUTERS

Қырғызстанның Жоғарғы соты премьер-министр, президенттің міндетін атқарушы Садыр Жапаровқа қатысты қылмыстық істі қайта қарады, - деп хабарлайды 24.kg агенттігі өзінің дереккөзіне сілтеме жасап.

Сот осы жылдың 16 қазанында 2012 жылы билікті күшпен тартып алуға тырысты деген айып бойынша қайта ашылған істі қарады. 

"Садыр Жапаров қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталды. Онымен бірге депутат Талант Мамытов және Мемлекеттік ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев ақталды", - деп хабарлады редакция.

Еске салайық, Садыр Жапаров, Талант Мамытов және Қамшыбек Ташиев билікті күшпен басып алуға тырысты деген айыппен сотталған болатын. Кейін Мамытов және Ташиев жазасын өтеді. Ал Бішкектегі митингіден кейін Садыр Жапаров қамаудан босатылды.

tengrinews.kz

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары