$ 498.34  519.72  4.85

Ердоған өзін мазақ еткен журналды сотқа берді

Журналда жартылай жалаңаш күйдегі Ердоған мен хиджаб киген әйел бейнеленген.
фото: kommersant.ru
фото: kommersant.ru

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзі туралы карикатура жариялаған француздың Charlie Hebdo журналын сотқа берді, деп жазады Азаттық радиосы.

"Анадолу" агенттігінің хабарлауынша, Түркия прокуратурасы Ердоған адвокатының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғай алады.

Адвокаттың бағалауынша, журналдағы сурет – "сөз бостандығына еш қатысы жоқ жала" және ол қылмыс сипатында жазалануы тиіс. Прокурорлар президенттің "ар-намысына тию" бабы бойынша да тергеуді де бастап кеткен.

Charlie Hebdo Ердоғанды әжуалаған карикатурасын 28 қазанда жариялаған. Онда жартылай жалаңаш күйдегі Ердоған мен хиджаб киген әйел бейнеленген. Карикатураға "Ердоған жеке өмірде өте ойнақы" деген сипаттама жазылған.

Мектеп мұғалімі Самюэль Патидің өлімінен кейін Париж бен Анкара арасында жағдай ушыққан кезде карикатура жарияланып отыр. Оқушыларға сабақ кезінде сөз бостандығы туралы айтып, Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен мұғалім 16 қазанда өлтірілген.

Франция президенті Эммануэль Макрон шабуылдың "исламистерден" келгенін, Исламның дағдарысқа түскенін айтып, Франциядағы зайырлы қоғам құндылықтарын қорғауға шақырған. Осыдан соң Ердоған Макронды исламофоб деп айыптап, "психикасын тексерту үшін дәрігерге баруға" кеңес берген. Париж Анкарадағы елшісін қайтарып алды.

Түркия билігі Ердоған карикатурасын "мәдени нәсілшілдік пен дұшпандықты тарату талпынысы" деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары