01.11.2020, 10:17

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42-ге жетті

фото: 24.kz
Измирдегі құтқарушылар қираған тоғыз ғимараттың үйіндісінде жұмыс істеп жатыр.

Түркияның батысында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Соңғы мәліметтер бойынша, 42 адам қаза болды. Измирдегі құтқарушылар қираған тоғыз ғимараттың үйіндісінде жұмыс істеп жатыр", - делінген республиканың Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар жөніндегі агенттігінің хабарламасында.

Еске салайық, 27 қазанда түстен кейін Түркияның батысында 6,6 баллдық жер сілкінісі болған еді. Эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар қаласының маңындағы Эгей теңізінде болды. Кейін Измирде жер сілкінісінен кем дегенде 20 ғимараттың қирағаны туралы хабарланды.