Камала Харрис АҚШ-тың алғашқы қара нәсілді әйел вице-президенті болады. Ол, сондай-ақ, бұл лауазымға ие болған алғашқы афроамерикалық және оңтүстік Азиядан келген адам. Бұл туралы Си-эн-эн және Euronews жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
Харристің әке-шешесі – Ямайка мен үнді иммигранттары. Оның әкесі Стэнфордта экономика пәнінен сабақ берген, анасы қатерлі ісік ауруын зерттеумен айналысқан. "Біздің қазіргі президентіміз трагедиямызды саяси қаруға айналдырады", - деген еді Харрис, Дональд Трамп туралы.
Сондай-ақ, ол: "Джо проблемаларымызды шешетін президент болады. Джо бізді барлығына қамқорлық жасайтын экономика құру үшін біріктіреді", - деген-ді кеше.
Харрис Демократиялық партияның сол қанатының өкілі болып саналады. Ол теңдік пен әлеуметтік әділеттілікті жақтайды және жастайынан дискриминациямен күрескен. Камаланың анасы қызын сәби кезінде ертіп жүріп, түрлі наразылық акцияларына қатысқан.
Камала Харрис орта мектепті Канадада бітіріп, содан кейін Горвард университетінің саясаттану және экономика факультетінде және Калифорния университетінің Хастингс Заң колледжінде оқыды. Ол – Сан-Францискода алғашқы аудандық прокурор болған қара нәсілді әйел. Кейін Калифорнияның Бас прокуроры болды. Ол экологиялық таза өндіріс әдістері, бір жынысты некеге тұруға рұқсат беру, қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі және ең төменгі жалақыны көтеру үшін күресіп келген.
Оны сайлаушыларға таныстырған Джо Байден: "Мен кішкентай адамның мүддесі үшін батыл күрескерді сайлаудағы серіктесім ретінде таңдадым", - деді. Ал Харрис өзінің Twitter-дегі аккаунтының сипаттамасын "сайланған вице-президент" деп өзгертіп қойды.