12.11.2020, 16:00

Коронавирус: Украина президенті Зеленский ауруханаға жатқызылды

Фото: tengrinews.kz
Ол оқшауланған палатада жатыр.

Коронавирус жұқтырған Украина президенті Владимир Зеленский ауруханада емделіп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты.

"Барлығы қатаң түрде хаттамамен реттеледі. Олар (Зеленский және президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак-ескерту) Теофанияда. Онда арнайы жабдықталған кабинет бар. Президент онда жиналыс өткізе алады. Ол оқшауланған палатада жатыр әрі оның арнайы байланысы бар", - дейді Подоляк "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Зеленский мен Ермактың жұмыс кестесі бар екенін, олар тек оқшауланғанын атап өтті. 

Кеңесші Украина президенті мен Ермак ауруханада бірін-бірі көрмейтінін, тек телефон арқылы сөйлесетінін айтты.