$ 488.45  529.19  5.04

Қырғызстан Қытай алдындағы қарызын шикізатпен өтеу мәселесін қарастырып жатыр

Қарыздың 42,5 пайызы немесе 1,8 млрд доллар Қытай экспорт-импорт банкінің ("Эксимбанк") үлесінде.
фото: kazakh-tv.kz
фото: kazakh-tv.kz

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы премьер-министр Садыр Жапаров 12 қараша күнгі баспасөз мәслихаты кезінде Бішкек Қытайға Нарын облысындағы Жетім-Тау кенішін беріп, қарызынан құтылады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Оның сөзіне қарағанда, Қытайға осы кеніш шикізатын беріп, қарыздан құтылу мәселесі талқыланған.

"Қарыздан құтылу амалдарын іздестіріп жатырмыз. Ол бар және оны табамыз да. Ал кенішті беру туралы ақпараттың бәрі - сыбыс. Бұл кеніште 5 млрд тоннадан астам темір бар, бұл дегеніңіз шамамен 50 млрд доллар. Қарызды шикізатпен өтеу жолын талқылағанбыз. Бұл нұсқа әлі де қарастырылып жатыр. Егер шикізатпен өтесек, 1 жылда шамамен 1 млрд доллардан құтыла аламыз" деді Жапаров.

3 қарашада жергілікті телеарналардың біріне сұхбат берген Садыр Жапаров "мемлекет қарызын табиғи ресурстардың көмегімен төлеуге болады" деп мәлімдеген.

Қырғызстан әр жылдары түрлі мемлекеттер мен ұйымдардан 200-ден астам несие алған. Олардың 98 пайыздан астамы 0,75-2 пайыздық мөлшерлемемен алынған, өтеу мерзімі 40 жылға дейін созылады.

Қарыздың 42,5 пайызы немесе 1,8 млрд доллар Қытай экспорт-импорт банкінің ("Эксимбанк") үлесінде.

Осыған дейін Қырғызстан несие төлемін кейінге шегеруді сұрағанмен Қытайдың одан бас тартқаны хабарланған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары