$ 491.7  531.28  5.07

Гүлнара Каримованың суицид жасамақ болғаны рас па?

Олий Мәжліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева да жағдайға пікір білдірді.
фото: atr.ua
фото: atr.ua

Бейсенбі, 12 қарашада Өзбекстан ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі бас басқарма басшысының орынбасары Умида Абдуллаева Гүлнара Каримованың жағдайы нашарлап кетті деген ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.  

Қазанның соңында әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Ташкент маңындағы колонияда жазасын өтеп жатқан Гүлнара Каримованың денсаулығы нашарлағаны туралы хабарламалар пайда болды. Ол санитар бөлімге "өкпесі қабынған, коронавирусқа күдікті" диагнозымен жатқызылды. 

Бұл туралы Каримованың қызы Иман да өзінің Instagram-дағы парақшасында анасына тиісті көмек көрсетілмей жатқанын, сондай-ақ коронавирусты тексеруге және дәрі-дәрмектерді жіберуге тыйым салынғанын жазды. 

"Гүлнара Каримова суицид жасады деген әңгіменің еш негізі жоқ. Гүлнара Каримова сот белгілеген жаза мерзімін өтеп жатыр", - деді ІІМ өкілі гендерлік теңдік жөніндегі комиссияның баспасөз конференциясында.

Олий Мәжліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева да жағдайға пікір білдірді.

"Кімде-кім қылмыс жасаса, ол жазалануы керек. Гүлнара Каримованың жағдайы қазір жақсырақ, әлеуметтік желілердегі қауесет шындыққа жанаспайды. Оның жағдайы туралы толығырақ ақпаратты тиісті жауапты қызметкерлер бере алады", - деді Нарбаева.

Sputnik Өзбекстан журналистерінің хабарлауынша, жақын арада БАҚ-қа Каримованың қазіргі денсаулығы туралы толық ақпарат беріледі.

Өзбекстан экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Ташкент облысы Зангиатин ауданының жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр. Ол ұрлық, салық төлеуден жалтару, бопсалау және заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп танылды. Наурызда Өзбекстанның Жоғарғы соты Гүлнары Каримованың 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары