15.11.2020, 15:40

Трамп өзінің жеңілгенін мойындады

фото: russian.rt.com
Алдағы уақытта болашақ әкімшілік қандай шешім шығаратынын білмеймін.

Трамп Ақ үйде америкалық журналистердің алдында шығып сөйлеген сөзінде алдағы уақытта АҚШ-тың президенті ол емес, оның қарсыласы демократ Джо Байден болатынын меңзеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ, ол Ақ үй пандемияға байланысты жабылмайтынын атап өтті. 

"Қазіргі Америка әкімшілігі жабылмайды. Алдағы уақытта болашақ әкімшілік қандай шешім шығаратынын білмеймін, бірақ біз қазір жабылмаймыз", - деді Трамп. 

Айта кетейік, АҚШ-та болған сайлауда демократ Джо Байден жеңіске жеткен еді.