$ 487.37  532.94  5.09

Оңтүстік Корея COVID-тің үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді

Оңтүстік Корея үкіметі коронавирустың таралуы мүмкін аса қауіпті қызметке қатысты да қатаң шара қабылдап отыр. Мысалы, тауарды есіктен есікке дейін сату қолға алынған.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрлігі өкілі Юн Тэ Хо республика астанасында коронавирус инфекциясы таралуының үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik.kz, The Korea Herald басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Юн Тэ Хоның айтуынша, қазір Сеулде инфекция ақпан-наурыз және тамыз айларында тіркелген кездегідей таралып жатыр.

Осыған байланысты жақында денсаулық сақтау министрлігі биліктің жағдайды тиімді шеше алуы үшін әлеуметтік арақашықтық деңгейін түзету бойынша ұсыныстар жариялайды.

Сонымен қатар министрлік өкілі шектеулер деңгейінің жоғарылауы вирустың таралуын бәсеңдеткенімен, экономиканы айналып өтпейтінін айтты. Сондықтан муниципалды билік орындарына аймақтағы жағдайды саналы түрде бақылау тапсырылды.

Енді мегаполис тұрғындары әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Адам көп баратын нысандар қызметіне шектеу қойылды.

Оқушыларға да шектеулер енгізілді. Енді оқу орындарына оқушылар жалпы санының үштен екісі бара алады, сабақтың бір бөлігі онлайн режимде өткізіледі. Оңтүстік Корея үкіметі коронавирустың таралуы мүмкін аса қауіпті қызметке қатысты да қатаң шара қабылдап отыр. Мысалы, тауарды есіктен есікке дейін сату қолға алынған.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда бірнеше күн қатарынан 300-ден астам адам Covid-19 жұқтырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары