$ 448.15  483.46  4.86

Колумбияда кофе алқабындағы атыстан сегіз адам қаза тапты

Өткен жылдан бері қылмыстық топтар арасында текетірес күрт күшейіп, жүздеген адам көз жұмған.

 Колумбияның Бетания аймағындағы кофе алқабының бірінде атыс болып, 8 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Тағы 14 кісі жарақат алды. Полицияның хабарлауынша, қақтығысқа заңсыз есірткі себеп болуы мүмкін. Өйткені өңірде ұйымдасқан қылмыстық топтар арасында ықпал ету аймағы үшін қақтығыс жиі болып тұратынын айтады. Жалпы Колумбия әлемде кокаинді өндіруші басты елдердің бірі болып саналады. Салдарынан елде есірткімен байланысты өлім-жітім көп. Өткен жылдан қылмыстық топтар арасында текетірес күрт күшейіп, жүздеген адам көз жұмған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары