04.12.2020, 15:00

Шұғыл қонған ұшақ көлікпен соғысып қалды

Төтенше жағдайдың нақты себебі айтылмайды.

АҚШ-та Bellanca Viking бірмоторлы ұшағы Миннесота штатында тасжолға шұғыл қонып, автокөлікпен соғысты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті билік бұл оқиға жергілікті уақыт бойынша 3 қарашада кешке Арден Хилс қаласының маңындағы Interstate 35 штатаралық тасжолында болғанын айтады.

Полицейлердің мәліметінше, төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.

Төтенше жағдайдың нақты себебі айтылмайды.