$ 494.87  520.65  4.91

Экс-жігітінің үйленіп жатқанын көтере алмаған қыз кедергі жасамақ болды

Ақыр соңында бұрынғы ғашығын райынан қайтара алмаған ол жолды ашады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Юлин қалалық округінің тұрғыны бұрынғы сүйіктісінің үйлену тойына кедергі келтірді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Оның гүлдермен безендірілген көлігіне жол бермей қойды. Осылайша ол үйлену тойды бұзғысы келген. Ол қиылысқа келген мерекелік көліктің алдына тоқтап, ары қарай жүруіне кедергі жасайды.

Тіпті жүргізуші оны айналып, басқа жолмен өткісі келсе де бұрынғы ғашығының басқаға үйленуіне жол бергісі келмейді. Ақыр соңында бұрынғы ғашығын райынан қайтара алмаған ол жолды ашады. 

Жол үстінде  қыз ұялы телефонын ұстап "мен сені ешқашан тастамаймын" деп айқайлайды. Көптеген әлеуметтік желі қолданушылары әйелге жанашырлық танытып, өткенді ұмытып, жаңа өмір бастауды кеңес етті.

Олардың бірі:

"Ақымақ қыз. Үйге барып, жан жараңды емде. Өзіңді сүйетін басқа біреуді кездестіресің әлі-ақ" - десе, енді бірі "жігітіңнің басқа біреуге үйленіп кеткеніне рахмет айтасың", - деп жұбатып жатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той #қызғаныш