09.12.2020, 09:40

Алты адамы бар тікұшақ апатқа ұшырады

Фото: Global Look Press/imagebroker.com
Оқиға 1800 метр биікте болған.

Францияда бортында алты адам болған тікұшақ сейсенбіде кешке Альпідегі Савойя департаментінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға 1800 метр биікте болған.

"Француз әуе навигациялық қызметінің тікұшағы сағат 19:00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 00:00-де) апатқа ұшырады. Бортта төрт қызметкер мен екі құтқарушы болды", - деп хабарлады департамент префектурасының өкілі.

Құтқарушылар тікұшақтың бортында болған алты адамды іздестіріп жатыр. Префектураның коммюникесінде дабыл белгісін сағат 19.10-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00.10-да) "катапульт жасай алған тікұшақ ұшқышы" бергені айтылған.

Іздестіру үшін 40 құтқарушы, үш тікұшақ жұмылдырылды.