$ 443.85  474.3  4.8

Иранда белгілі ғалымның өліміне қатысы бар адамдар ұсталды

Қастандық АҚШ пен өзге елдердің құпия қызметтерінің де ісі болуы мүмкін деген  күдік бар.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Иранда ядролық физика ғалымы Мохсен Фахризадеге қастандық жасаған бірнеше адам ұсталды. Бұл туралы осы ел парламентінің халықаралық істер жөніндегі төрағасының көмекшісіне сілтеме жасап жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Нақты мәліметтер жарияланбағанымен, ғалымның өліміне Израильдің қатысы бары айтылады. Қастандық АҚШ пен өзге елдердің құпия қызметтерінің де ісі болуы мүмкін деген  күдік бар. 

Еске сала кетейік, қарашаның 27-сінде Мохсен Фахризаде, Абсард қаласында көлікпен кетіп бара жатқанда оған шабуыл жасалып, қаза тапқан. Тергеу барысында ғалымға қастандық қашықтан басқарылатын қарумен жасалғаны анықталды.

Дереккөз: 24kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары