Әлем 10.12.2020 сағат 01:01

Қырғызстанда бір топ саясаткер Жапаровты президенттікке үміткер ретінде тіркеуге қарсы шықты

Қырғызстанда президент сайлауы мерзімінен бұрын, 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.
Қырғызстанда бір топ саясаткер Жапаровты президенттікке үміткер ретінде тіркеуге қарсы шықты
фото: pixabay.com
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Президент сайлауына қатысқысы келетін Адахан Мадумаров, Канатбек Исаев, Бектур Асанов 9 желтоқсанда баспасөз конференциясын өткізіп, Орталық сайлау комиссиясына үндеу жасады, деп хабарлайды centralasian.org.

Саясаткерлер мәлімдемесінде Садыр Жапаровты президент қызметінен үміткер ретінде тіркемеуін сұраған.

«Конституция бойынша, президент қызметін атқарушы президенттікке кандидат бола алмайды. Мұндай заң сайлауға түсетін үміткерлердің бәрі тең болуы үшін қабылданған. Садыр Жапаров, президент қызметін атқарушы ретінде, өзінің жақтастарын жауапты қызметтерге тағайындады. Сол арқылы ол басқа да үміткерлерден басым болып алды. Біз Орталық сайлау комиссиясынан Садыр Жапаровты президенттікке кандидат ретінде тіркемеуін сұраймыз», - деп мәлімдеді Канатбек Исаев.

4 қазанда өткен парламент сайлауынан соң елде наразылық акциялары өтті. Саяси дағдарыс кезінде президент Сооронбай Жээнбеков қызметтен кетті. Мемлекет басшысы қызметі Садыр Жапаровқа жүктелді.

Қырғызстанда президент сайлауы мерзімінен бұрын, 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Президент қызметіне 65 үміткер өтініш білдірген. 8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 19 кандидат қалды. Сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат 15 желтоқсанда басталады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар