АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденнің ұлы Хантер Байденнің салық істері тексеріліп жатқаны мәлім болды. Ақпаратты Хантердің өзі жариялады. Тергеуді Делавэрдегі федералды прокурорлар жүргізуде, деп хабарлайды qamshy.kz.
BBC ақпаратына сәйкес, Хантер Байден бұл істі "өте байыпты" қабылдағанын, бірақ "объективті шолу" оның істерін "заңды және орынды" шешкенін көрсететініне сенімді екенін айтты.
Байден "баласымен қатты мақтанатынын" айтқан.
Команданың мәлімдемесінде Хантер "қиындықтармен, соның ішінде соңғы айлардағы жеккөрушілік шабуылдармен күресіп, тек күшейе түсті" делінген.
Хантер Байден тергеу туралы сейсенбіде білгенін айтты. Ол бұдан басқа мәліметтерді жарияламады.
Сайланған президенттің ұлы 2020 жылғы сайлау науқаны кезінде жиі сынға ұшырады. Республикашылдар Хантердің Джо Байден Барак Обама әкімшілігінде вице-президент болып тұрған кезде Украина мен Қытайдағы сауда-саттықтарынан күдіктенген.