Ұлыбританиялық кинорежиссер Гай Ричидің үйіне ұры түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұрылар 13 миллион долларға (шамамен 5 миллиард теңге) бағаланған үйдің барлық бөлмесін тінтіп, ештеңе таба алмаған. Оларды тұрғын байқап, полиция шақырған.
Алайда күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.
Танымал ұлыбританиялық кинорежиссердің үйі Лондон орталығындағы Фицровий ауданында орналасқан.
52 жастағы Гай Ричи мен 39 жастағы әйелі Джеки Эйнсли 8 бөлмелі үйде жиі болмайды екен. Сондықтан олардың ұрлық кезінде үйде болған-болмағаны белгісіз.