$ 494.87  520.65  4.91

Әйел қайтыс болған анасынан хат алды

"Жұмыстағы біреу маған "Демек, хатты дәл қазір алу керек болған ғой" деп айтты", - дейді қыз.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Американың Янгстаун қаласының тұрғынына 2015 жылы марқұм анасы жіберген туған күніне арналған ашықхат келді, деп хабарлайды Stan.kz, UPI басылымына сілтеме жасап. 

Катрина Джонс түскі үзіліс кезінде поштасын тексеріп, басқа хаттардан ерекшеленіп тұрған конвертті байқады.

"Анамның мекен-жайы көрсетілген. Мен қолжазбаны қарап, хабарламаны оның өзі жазғанын түсіндім. Менің анам 2018 жылы қайтыс болды", - деді әйел.

Пошта маркасындағы күн 2015 жылдың 20 маусымы деп көрсетілген. Конвертте туған күніне арналған ашықхат болған. Джонс бұл хаттың не себепті ұзақ уақыт бойы келмегенін білмейтінін айтты.

"Жұмыстағы біреу маған "Демек, хатты дәл қазір алу керек болған ғой" деп айтты", - дейді қыз.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#пошта