БАҚ пен әлеуметтік желіде тарап жатқандай, Америка құрама штаттарында Pfizer вакцинасын қабылдаған 4 еріктіде Белл паралличі пайда болды деп хабарлайды Dalainform.kz.
Расында АҚШ денсаулық сақтау мекемелерінен мәлім болғандай, вакцинадан соң еріктілердің жүйке жүйесі сыр беріп, бет-ауыздары қисайып қалған. Алайда аталған келеңсіздік дәріні еккеннен кейінгі 3, 9, 37 және 48 күннен соң осындай жағдай болып, оның нақты екпенің салдары екені дәлелденбеген.
Жалпы 2 айдағы бақылау барысында 38 000 қатысушының бойынан шаршау, бас ауруы, бұлшық ет пен буындардың қақсауы, тону, қалтырау сынды кері әсер тіркелген.