22.12.2020, 10:00

АҚШ-тың жаңа президенті көпшіліктің көзінше коронавирусқа қарсы вакцинаны қабылдады (ВИДЕО)

Байден вакцинаны жұбайы Джилл де салғызғанын атап өтті.

АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденге тікелей эфирде коронавирустан екпе салынды. Вакцинаны Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған. Екпе дүйсенбіде Ньюарк қаласындағы (Делавэр штаты) ChristianaCare ауруханасында жасалған. Бұл туралы CNN телеарнасының сюжетінде айтылды.

Байден америкалықтарға вакцинаның қауіпсіз екенін айтты.

"Мен мұны вакцина әзір болған кезде адамдар салғызуға дайын болуы үшін жария түрде көрсетіп жатырмын. Уайымдайтын себеп жоқ. Мен екінші екпені асыға күтемін", - деді ол. 

Байден вакцинаны жұбайы Джилл де салғызғанын атап өтті.

Президенттің баспасөз хатшысы Джен Псаки вице-президент Камала Харрис және оның күйеуі Дуг Эмхофф келесі аптада екпе салғызатынын айтты.