"Әлем аруы" атанған аргентиналық Норма Компальо жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы әйелдің жиені Карла Компальо мәлімдеді, деп жазды Nacion.
Қайғылы оқиға 17 желтоқсанда Буэнос-Айресте болды. Бұрынғы "Әлем аруы" дүкенге бара жатқан. Компальоны бағдаршамның тиісті белгісі жанып, жолдан өтіп жатқан сәтте автобус қағып кеткен.
Ол ауруханаға жеткізіліп, жасанды комаға жатқызылды. Алайда дәрігерлер күш-жігер салғанына қарамастан, бес күннен кейін қайтыс болды.
Норма Компальо 1960 жылы "Әлем аруы" байқауында жеңіске жетті. Ол осы атақты жеңіп алған алғашқы аргентиналық ару.
Сол кезде 21 жастағы бойжеткен халықаралық байқаудағы жеңісі үшін спорттық автокөлік пен ірі ақшалай сыйлыққа ие болды.