$ 494.87  520.65  4.91

Қытай билігі Alibaba компаниясын тексеріп жатыр

Соңғы кездері Қытайдың Alibaba және Tencent сияқты технологиялық алпауыттары Қытай үкіметінің жіті бақылауына тап болды.
Фото: Getty
Фото: Getty

Қытайлық Alibaba компаниясы монополиялық тәжірибеге байланысты тексеріліп жатыр. Бұл туралы Қытайдың нарықты реттеу жөніндегі мемлекеттік басқармасы бейсенбіде мәлімдеді.

Реттеушілердің ақпаратына сәйкес, Alibaba саудагерлерді бәсекелес платформаларда өнім ұсынуға мүмкіндік бермейтін эксклюзивті мәмілелерге қол қоюға мәжбүр еткен.

Соңғы кездері Қытайдың Alibaba және Tencent сияқты технологиялық алпауыттары Қытай үкіметінің жіті бақылауына тап болды.

"Миллиардер Джек Ма негізін қалаған Alibaba үкіметтік бақылаушылардың репрессиясы мен қаһарынна жолықты" - деп жазды BBC.

Өткен айда әлемдегі ең ірі акция болады деп күтілген "Alipay" қор нарығындағы тізімдіктен алынып тасталды. 

Реттеушілер ІРО нарыққа шығарылудан бірнеше күн бұрын оны бұғаттауға шешім қабылдады. Оған себеп, компанияның микрокредиттік қызметтері туралы алаңдаушылық пайда болған.

Содан бері технологиялық компанияға барлық жаңа монополияға қарсы ережелер енгізілді және Alibaba нарықтық құны шамамен 140 млрд доллар немесе 17% төмендеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары