$ 494.87  520.65  4.91

Джек Ма бір күнде 3,5 млрд доллар қаражатынан айырылып қалды

Forbes Real-Time рейтингісіне сәйкес, Джек Ма-ның байлығы бейсенбідегі сауда-саттықтың жабылуында 57,3 миллиард долларға бағаланды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ең бай қытайлық миллиардерлердің бірі, Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма монополияға қарсы тергеуге байланысты Alibaba акцияларының құлдырауынан бір күнде 3,5 миллиардтан аса доллар жоғалтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Forbes Real-Time рейтингісіне сәйкес, Джек Ма-ның байлығы бейсенбідегі сауда-саттықтың жабылуында 57,3 миллиард долларға бағаланды. Басылымның ақпаратынша, ол бір тәулікте 3,6 миллиардынан айырылған. Бизнесмен рейтингтің 19-шы орнында тұр.

"Бейсенбіде Гонконг пен Нью-Йорк биржаларындағы Alibaba акциялары монополияға қарсы тергеу туралы жаңалықтардан кейін айтарлықтай зардап шекті. Компанияның Гонконгтегі акциялары 8,1 пайызға, ал NASDAQ биржасында - 13,3 пайызға арзандады", - деп жазылған басылымда.

Бұған дейін Қытайдың нарықты бақылау және реттеу жөніндегі бас мемлекеттік басқармасы Alibaba-ға қатысты монополияға қарсы тергеуді бастағаны хабарланған болатын. Компания өз кезегінде билікпен белсенді ынтымақтасуға дайын екенін және тергеуге қарамастан қалыпты жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары