Германияда аққудың қайғысына байланысты пойыздар қозғалысы шамамен бір сағатқа кешікті, деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға Гессен мен Геттинген арасында теміржолда болған.
Екі аққу жылдам жүретін теміржолға барды. Олардың бірін тоқ соқты деген болжам айтылып отыр. Бұдан соң жұбынан айырылған аққу оқиға орнынан кеткісі келмеген.
Гессеннің Фульдаталь коммунасының өрт сөндірушілері көмекке келді. Олар аққуды арнайы құрылғы көмегімен көтеріп алып, Фульда өзеніне жіберді.
Құтқару операциясына байланысты 23 пойыз 50 минутқа тоқтатылды.