$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ-тың 2021 жылға арналған бюджеті бекітілді

Бюджеттің жалпы көлемі 2,3 трлн долларға тең.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп 2021 жылдың бюджеті туралы жобаға қол қойды, деп жазады Хабар 24.

 Одан қалды коронавирус пандемиясына байланысты экономиканы ынталандыру шараларын қабылдады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысының көмекшісі Джадд Дир хабарлады. 
 
«Президент Дональд Трамп H.R. 133-ке қол қойды, бұл – қаржы жылына бюджетті бөлу туралы заң жобасы, оның күші 2021 жылдың 30 қыркүйегінде жойылады», – деп жазды Дир өзінің «Твиттердегі» парақшасында.

 Заң жобасында Covid-19-бен күреске экономикалық қолдау ретінде 900 млрд доллар бөлу қарастырылған. Ал әрбір америкалыққа 600 доллардан өтемақы берілмек. Бюджеттің жалпы көлемі 2,3 трлн долларға тең.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары