01.01.2021, 09:40

Израильде вакцина алғандарға арнайы құжат беріледі

фото: pixabay.com
Ел азаматтары оны мобильді қосымша ретінде телефонына жүктейді.

Израильде келесі жылдың 17 қаңтарынан бастап коронавирусқа қарсы екпе салдырған тұрғындарға арнайы электронды құжат берілмек, деп хабарлайды 24kz.

Ел азаматтары оны мобильді қосымша ретінде телефонына жүктейді. Осы арқылы азаматтар шекара асып, шетелге ұша алады. Сондай-ақ індет жұқтыру қаупі жоғары елден оралғаннан кейін не вирус жұтырған адаммен қарым-қатынастан кейін өзін өзі оқшаулаудың қажеті де болмайды.