$ 494.87  520.65  4.91

Сауд Арабиясы Катармен әуе қатынасын реттемек

Тиісті құжат бүгін мақұлдануы керек
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Парсы шығанағындағы араб елдері кеңесінің саммиті алдында Сауд Арабиясы Катармен арадағы құрлық, теңіз және әуе қатынасын қайта жандандырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Тиісті құжат бүгін мақұлдануы керек. Оған сәйкес, Катармен өзге де көрші елдер қарым-қатынасын реттемек ниетте. Бұл туралы Кувейттің сыртқы істер министрі Ахмед Нассер ас-Сабах хабарлады. 

Естеріңізге салайық, 2017 жылы Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн мен Египет елдері, Катармен арадағы дипломатиялық қатынасын үзген болатын. Көршілес елдер Доханы терроризмге қолдау көрсетіп, Иранмен тығыз байланыста болды деп айыптаған еді. Енді Катар басшысы Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастығы кеңесінің саммитінде 2017 жылдан бері алғаш рет қатысқалы отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары